Алматыда 5 экопост пен жылжымалы экопатруль жұмыс істей бастады

7 Мамыр 2021, 03:31
2106
Бөлісу:
Алматыда 5 экопост пен жылжымалы экопатруль жұмыс істей бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская хабарлады.

Оның айтуынша, олар арнайы жабдықтармен – газ талдағыштармен және түтін өлшегіштермен жабдықталған. Мамырдың соңына дейін 9 жаңа экопост орнатылып, қолданыстағы 10-ы жаңғыртылады.

Барлық экопостта кезекші эколог-операторлар және Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың міндеті – қоршаған ортаны ластайтын автокөліктерді тоқтату.

Экологиялық жағдайды жақсарту үшін жүк көлігін, мамандандырылған және құрылыс техникасын сыртқа шығатын газдың залалсыздығына тексеру күшейтілді, – деді Н.Ливинская.

Спикер экологиялық бекеттерде көпкомпонентті газ талдағыштардың көмегімен бензин мен газ автомобильдерінің пайдаланылған газдарын көмірсутегі, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді бар-жоғын тексеретінін түсіндірді. Дизельді машиналар пайдаланылған газдардың түтіндігіне тексеріледі.

Экобекеттер мен мобильді экопатрульді пайдалану кезінде барлығы 60 мың өлшем бірлігі жасалды. 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың мамырына дейін 2265 автокөлікте шамадан тыс нәтиже тіркелген. Бұзушылық анықталған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде хаттама жасалады.


Өзгелердің жаңалығы