Алматыда 384 қабылдау пункті ашылды

4 Наурыз 2024, 12:59
389
Бөлісу:
Алматыда 384 қабылдау пункті ашылды
Фото: автордан

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта 384 қабылдау пункті ашылды: 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында жұмыс істеп жатыр.

Жиналу пункттері туралы барлық деректер Алматының 2ГИС платформасында орналастырылған. Іздеу жүйесінде «зардап шеккен халықты қабылдау пункт» деп енгізген кезде картадан тұрғындар үшін барлық қолжетімді жиналу пункттері көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы және аудан әкімдіктерінің ТЖД ресми сайттарында да бар. Сондай-ақ, барлық стационарлар, жедел медициналық көмек штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз, – деп хабарлады қалалық баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы