Алматыда 3 мыңнан астам бала қызылша жұқтырған

4 Қаңтар 2024, 15:17
1301
Бөлісу:
Алматыда 3 мыңнан астам бала қызылша жұқтырған
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мегаполисте ҚЖИ шеңберінде барлығы 80 343 адам екпе алды.

Наурыз айынан бастап қызылшаның 4100 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3128 жағдай тіркелді. Қалада қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде барлығы 80 343 адамекпе алды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 6952 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 27 950, медицина қызметкерлері – 8676 және басқа жастағы бұрын қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алмаған толықтыра иммундау бойынша 36 765 бала. Қазіргі уақытта қалада ҚҚП вакцинасы жеткілікті мөлшерде бар, – дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы