Алматыда 3 баланы көлік қағып кетті

18 Қыркүйек 2019, 15:36
2075
Бөлісу:
Алматыда 3 баланы көлік қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда мектептің жанынан кетіп бара жатқан 3 баланы көлік қағып кетті.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 18 қыркүйек күні таңертең Ұлжан шағын ауданындағы 152-мектептің жанында Тәкежанов көшесінің бойында болған.

Зардап шеккен 9, 6, 5 жастағы үш бала жедел жәрдем каретасы арқылы балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына жеткізілді.

«Балаларды мультидисциплинарлы хирургтардың бригадасы қарап шықты. Іш құрылыстарына ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, травматикалық жарақаттардың жоқтығы анықталды. Жамбастың, омыртқаның бел аумағына рентгенография жасалды. Тексеру нәтижесінде сүйектің травматикалық зақымданулары анықталмады. 2013 және 2014 жылғы екі балаға іш құрылысы органдарының зақымдануы деген диагноз қойылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Үшінші 9 жастағы баланы қарап тексергеннен кейін ол үйіне жіберілді.

Дәрігерлер балалардың жағдайын орташа деп бағалап отыр. Белгілі болғандай, зардап шеккендер бір отбасының балалары. Анасы мен балалары жолдың тыйым салынған жерінен өтпек болған.

 

Өзгелердің жаңалығы