Алматыда 280 млрд теңгеге 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

27 Желтоқсан 2021, 18:11
1127
Бөлісу:
Алматыда 280 млрд теңгеге 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасында Алматыда маштабты инвестициялық жобалар құру жағы қарастырылған. Мәслихаттағылар өндірістік кешендер, инновациялық орталықтар мен білім берудің ірі мекемелері ерекше мәртебеге қол жеткізу мүмкін деп отыр.

Бір жылдың ішінде Алматыда 279,6 млрд теңге болатын 30 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Мысалы, елімізде тұңғыш спортпен өнердің Инновациялық High Tech Academy орталығы ашылды. Инвестиция көлемі 10 млрд теңге. Бүгінгі күні орталықта 70 адам жұміс істейді. Олардың басым көпшілігі – жоғары санатты оқытушылар, олар балалардың талаптары мен жоспарларына қарай тәжірибелік тұрғыда көбірек білім алуына екпін түсіреді.

Тағы бір инновациялық жоба жасақталуда. Оның жұмысына Nur Otan партиясы қолдау көрсетіп отыр. Бұл «Интер Мульти Сервис» жобасы – картон мен қағаз шығаратын зауат құрылысы. Мұндағы инвестиция 2,4 млрд теңге. Қазір кәсіпорында 240 адам еңбек етіп келеді. Жоба аясында жылына 40 мың тонна макулатураны өндеуге мүмкіндік бар. Осындай шешімдер экологиямызға да оң әсерін тигізері сөзсіз. Жергілікті гофракартон өндірісіндегі үлесімізді арттыруда. Кәсіпорын қуаты жылына 2,3 мың тонна өнімді құрайды.

Қаламыздағы масштабты инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында заманауи инфрақұрылым дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Білім беру мен спорттық мекемелердің нысандарын, орталықтар мен инновациялық кәсіпорындар салу үшін, қала басшылығы жыл сайын оңдаған гектар жер телімдерін бөлуде. Мәслихат депутаттары өз тарапынан жүйелі түрде кәсіпкерлермен кездесіп, мән жайды біліп отырады. Бизнеспен әріптестік орнату арқылы Алматының өндірісі жайлы біліп, заманауи инновациялық индустриалды инфрақұрылым қалыптастырудамыз. Экономикамыздың дамуында жоғары технологиялық өндірістік ошақтар көшбастайтынына сенемін, - деп атап өтті Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров.

Өзгелердің жаңалығы