Алматыда 28 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған кәсіпкер ұсталды

24 Желтоқсан 2021, 20:50
1287
Бөлісу:
Алматыда 28 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған кәсіпкер ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті 28 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталғанын хабарлады.

Мемлекет жыл сайын өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына – мектептер мен ауруханалар салуға, жолдар мен әлеуметтік мекемелерді жөндеуге миллиондаған қаражат бөледі.

Бұл ретте, кейбір жосықсыз кәсіпкерлер осы бюджет қаражатын өз пайдасы мақсатында жымқыруды жүзеге асырып келеді.

«Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ абаттандыру бөлімінің басшысы мен «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Мердігер «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС мен Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімі арасында 71 млн теңгеден астам сомаға «Бас Қарасу» өзенінің арнасын қайта жаңартуға шарт жасалғаны анықталды,-делінген хабаралмада.

ЖШС басшысы 2019 жылдың тамызынан қыркүйекке дейін аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасының көмегі арқасында орындалған жұмыстар актілеріне көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы жалпы сомасы 28 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру әрекеттері жасалған.

Бөлім басшысы К.Воропаев пен «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС басшысы Е. Исаев 7 және 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Өзгелердің жаңалығы