Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда 2300 метр биіктікте қалып қойған жігіт пен қыз құтқарылды

15 Мамыр 2025, 06:29
346
Бөлісу:
 скриншот
Фото: скриншот

Алматы қаласы маңындағы Медеу шатқалында, теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте орналасқан сол жақ беткейде жас жігіт пен қыз өз беттерімен төмен түсе алмай қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетіп, екеуін қауіпсіз жерге аман-есен жеткізді.

Құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады.

Құтқарушылар тұрғындарды тауға шықпас бұрын қауіпсіздік шараларын сақтауға, бағытты мұқият таңдауға және физикалық мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы