Алматыда 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді

15 Наурыз 2024, 10:47
362
Бөлісу:
Алматыда 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Фото: -архив

Қаланы қардан тазалау үшін патрульдік полиция мен мамандандырылған батальонның 25 экипажы қар тазалау техникасын сүйемелдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қаланың негізгі магистральдарында кешкі уақытта қозғалыс қолмен реттеу арқылы қамтамасыз етілді. Соңғы тәулікте қалада барлығы 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қаза тапқандар жоқ. Толассыз жауған қар қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осы ретте, патрульдік полиция Полкі мен мамандандырылған батальонның 25 экипажы қар тазалау техникасын сүйемелдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады, - дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Өзгелердің жаңалығы