Алматыда 200 мың тұрғынды электрмен жабдықтауға арналған қосалқы станция салынды

1 Тамыз 2023, 15:00
651
Бөлісу:
Алматыда 200 мың тұрғынды электрмен жабдықтауға арналған қосалқы станция салынды
Фото: Артём Чурсинов

Алматыда 200 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз электрмен қамтамасыз ететін «Алмагүл» жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматының Бостандық ауданында Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Алмагүл» қосалқы станциясының құрылысы бойынша жұмыстар 100% аяқталды. Сондай-ақ, осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісін төселді.

Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады. Оған «Алмагүл» шағын ауданы әл-Фараби-Жароков-Өтепов-Розыбакиев көшелерінің қиылысында салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылатын болады. Секцияларда кабельдерді қосу және тұтынушы жүктемелерді аудару жөніндегі іс-шаралар «АЖК» АҚ-мен жүргізіледі, - делінген Алматы қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.

Айта кетерлігі, қосалқы станцияға қажеттілік Бостандық ауданында жаппай, ретсіз салынған құрылыстарға байланысты электр қуатының жиі үзілуіне қатысты. Бұл мәселені Алматы әкімімен кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғындары көтерді. Ерболат Досаев осы қосалқы станция бойынша барлық жұмысты шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы