Алматыда 1800-ден астам бала қызылшаға қарсы вакцина алды

22 Қараша 2023, 12:34
534
Бөлісу:
Алматыда 1800-ден астам бала қызылшаға қарсы вакцина алды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мегаполисте қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.

Балалар арасындағы аурушаңдық негізінен вакцинадан бас тарту себебінен болып отыр. Сондай-ақ медициналық көрсетілімдер негізінде вакциналаудан босату және егу жасына жетпеу салдарынан тіркеліп жатыр. 10-13 қараша аралығында ҚЖИ шеңберінде қызылшаға қарсы 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 1833 бала егілді. Еске сала кетейін, 1994 баланың 1880-і вакцина алмаған. Оның ішінде 1354 бала вакцинадан бас тарту, 260 бала медициналық қарсы көрсетілімдер, 259 бала егу жасына жетпеген және өзге де себептермен егілмеген, – дейді Әсел Қалықова.

Өзгелердің жаңалығы