Алматыда 1700-ден астам адам вакцина салдырды

19 Ақпан 2021, 14:29
1829
Бөлісу:
Алматыда 1700-ден астам адам вакцина салдырды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали қалада «Спутник V» вакцинасының бірінші кезеңі бойынша екпе салу аяқталғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, «СҚ-Фармация» Алматы қаласына вакцинаның бірінші кезеңі бойынша 1750 дозасын жеткізген. Ең алдымен вакцина инфекциялық стационарларға, көпбейінді ауруханалардың қабылдау бөлімшелеріне, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне, реанимация бөлімшесі мен бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына, сондай-ақ санитарлы-эпидемиалогиялық қызметтің медицина қызметкерлеріне салынды. 

Екінші партия осы жақын күндері келеді, онда да 1750 доза жеткізіледі. Бүгін бірінші кезең бойынша вакцина салу аяқталады. Осы уақытқа дейін 1715 адамға екпе салынған, бүгінгі жұмыс күнінің соңына дейін қалғандары алады. Вакцина алу бойынша 55 адамның жағдайына қарай кейінге қалдырылса, 3 адам екпе алудан бас тартты. Екпе салу еркін түрде жүргізіледі, егер адам дайын болмаса, ол салдырмайды, - деді ол.

Кейбір қызметкерлерде вакцинаға кері әсер болған. Негізінен мұндай белгілер бір-екі күнде тарқайды екен. 

Вакцина адам ағзасына енген соң иммунитет қалыптастырып, ағзаның сыртқы инфекцияға қарсы тұруын оятады. Вакцина алғандарда көбінде бас ауруы, дене қызуы болды, - дейді Лаура Мырзағали. 

Сонымен қатар ол келесі аптадан бастап ревакцина салу басталатынын жеткізді. Екінші вакцинаны салған соң адам 30 минуттай медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Келесі күні ол кісіге қоңырау шалып, оның жағдайын тексереді.



Өзгелердің жаңалығы