Алматыда 13 500-ден астам бастауыш сынып оқушысы ыстық тамақпен қамтылады

12 Тамыз 2022, 16:47
1420
Бөлісу:
Алматыда 13 500-ден астам бастауыш сынып оқушысы ыстық тамақпен қамтылады

Бұл туралы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Сапар Нұрашев ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, ауданда 35,9 мыңнан астам оқушыны қамтитын 29 мемлекеттік және 12 жекеменшік мектеп бар. Бүгінде оқушы орындарының тапшылығы 1883 құрайды. Биыл №34, 900 орынды 144 мектептерге қосалқы ғимарат құрылысының құрылысын аяқтау есебінен тапшылықты 47,7%-ға төмендету жоспарланған.

Сапар Нұрашев жаңа оқу жылында 1323 оқушыға материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Әр оқушыға бюджеттен 43 мың теңгеден бағытталады, оған мектеп формасы мен керек-жарақтары сатып алынады.

Бұдан өзге, «Мектепке жол»  республикалық акциясы аясында ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының қолдауымен жаппай оқыту аясында қамтылмаған 300 бала көмек алады.

Жаңа оқу жылында 1-ден 4-сыныпқа дейін 13 559 оқушы ыстық тамақпен қамтылады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 5-11 сынып оқушылары 650 адамды тегін тамақпен қамтиды, - деді С.Нұрашев.

Сонымен қатар ол 8 тамыздағы жағдай бойынша Алмалы ауданында 1-сыныпқа 3096 бала қабылданғанын айтты.

2022-2023 оқу жылында №15 гимназияда күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Қазіргі уақытта оқушыларды басқа білім беру ұйымдарына уақытша бөлу жүргізілді,-деді ол.

Бұдан әрі С. Нұрашев ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында 3 жастан 6 жасқа дейінгі орын тапшылығы 2310 орынды құрайтынын айтты. Оны азайту үшін бірінші жартыжылдықта жалпы жобалық қуаты 489 орынды 3 жекеменшік балабақша (Тұрғыт Озал көшесі, 151 үй мекенжайы бойынша Жанұя-2022 бөбекжайы, Клочков көшесі, 28/191 мекенжайы бойынша «Дара» балабақша және кіші Абай көшесі, 193 мекенжайы бойынша балабақша) ашылды. Сонымен қатар, №16 бөбекжай-балабақшасы сейсмикалық нығайтумен күрделі жөндеу аяқталды. №7 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
 

Өзгелердің жаңалығы