Алматыда 115 мыңнан астам студент 1 қыркүйектен бастап жоғарылатылған стипендия алады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Президенттің тапсырмасымен 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері көбейеді. Алматыда бұл өзгеріс 35 жоғары оқу орны мен 85 колледждің 115 мыңнан астам студентіне қатысты.
Бакалавриат студенттері стипендиясы 20%, магистратура-докторантурада оқитындарға 15%, ал техникалық және кәсіптік білім алушы студенттерінің шәкіртақысы 50%-ке өседі.