Алматыда 11 жасөспірім тауға шығып, адасып кеткен

27 Мамыр 2024, 02:20
1910
Бөлісу:
Алматыда 11 жасөспірім тауға шығып, адасып кеткен
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Тауда жарақат алған туристке құтқарушылар көмекке барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Алматы облысындағы Турист шыңында (3954 м) құтқарушылармен 11 жасөспірім табылды.

Таңертең жастар қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққаны белгілі болды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты. Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды, - делінген ведомство хабарламасында.

Біраз уақыттан кейін құтқарушылар қалған жасөспірімдерді тапты.

Өзгелердің жаңалығы