Алматыда 1-сынып оқушысы зорланған

2 Қазан 2023, 12:10
2002
Бөлісу:
Алматыда 1-сынып оқушысы зорланған
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазіргі күні бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыдағы халықаралық мектепте болған жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға комитет пен құқық қорғау органдарының бақылауында. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы зардап шеккен баланың анасымен және халықаралық мектептің басшылығымен байланыста. Баланың отбасына көмек ұсынылды, - делінген хабарламада.

Комитет БАҚ өкілдерінен жариялаған әрбір ақпаратқа барынша жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Себебі бізге бала туралы деректердің құпиялығын сақтау және оны қоғамда таратпау маңызды. Осылайша қиын жағдайға тап болған бала мен отбасының тыныштығын қамтамасыз ете аламыз, - деді комитет.

Өзгелердің жаңалығы