Алматыда 1 қарашадан бастап үй жануарларын тегін чиптеуге болады

26 Қазан 2023, 16:15
643
Бөлісу:
Алматыда 1 қарашадан бастап үй жануарларын тегін чиптеуге болады
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы 1 қарашадан басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қала тұрғындарын 1 қарашадан бастап, 20 желтоқсанды қоса алғанда, үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасының басталатыны туралы хабардар етеді. Аталған бағдарлама шеңберінде, 15 мың үй жануарын (иттер мен мысықтарды) чиптеу және тіркеу көзделген.

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңына, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №169 «Үй жануарларын есепке алу қағидасын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, барлық үй мысықтары мен иттері белгіленген (болюспен, чиппен, білезікпен немесе мойын жағасымен, электрондық белгісімен, құлақ сырғаларымен немесе басылған таңбамен) және «TANBA» үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасында тіркелген болуы тиіс.

Алматы қаласының тұрғындары үшін «TANBA» есепке алудың бірыңғай базасында тегін чиптеу және тіркеу рәсімі келесі ветеринариялық емханаларда жүргізіледі:

1. «ALLVET» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Төле би көшесі, 279 Б, тел: 8 (747) 438-38-87; 
2. «Мастино» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217, тел: 8 (707) 327-44-88; 
3. «Барыс» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Райымбек даңғылы, 223 «Б», тел: 8 (707) 123-49-00; 
4. «Ветстанция» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 49, тел: 8 (701) 757-77-27;
5. «MedVet» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Луганский көшесі, 54/1В, тел: 8 (708)699-19-43; 
6. «DOG PREMIUM» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Грибоедов көшесі, №105, тел: 8 (707) 339-33-28; 
7. «Хвостики» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Жандосов көшесі, 54, тел: 8 (708) 983-43-13; 
8. «Айболит» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Абай даңғылы, 26, тел: 8 (708) 972-02-07.

Рәсімнен өту үшін, жануар иесі жоғарыда аталған мекенжайлардың біріне жануарымен бірге барып, өтініш жасауы қажет. Жануар иесінің өзімен бірге жеке куәлігі, мобильді телефоны және бар болған жағдайда, жануардың ветеринариялық паспорты (болмаған жағдайда, жануар иесінің есебінен ветеринариялық емханада ресімделеді) болуы тиіс.

Ветеринариялық мамандар жануарға микрочип орнатады, жануардың және оның иесінің деректерін «TANBA» үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасына енгізеді, сонан соң жануар иесінің мобильді нөміріне Kezekte.kz алты белгілік растау коды бар 1414 (e-gov) нөмірінен СМС хабарлама келеді, оны жануардың жеке басын растау үшін, 30 секунд ішінде ветеринария маманына хабарлау керек.

Қосымша ретінде, барлық туындаған сұрақтар бойынша көрсетілген қызмет орнындағы ветеринария маманынан кеңес алуға болады.
Сондай-ақ қосымша ретінде, аталған қызметті ұсына отырып, үй-үйді аралап тексеру жұмысы көзделген, өтініш беру үшін байланыс деректері:

1. Алатау ауданы – 8 (707) 123-49-00;
2. Алмалы ауданы – 8 (707) 123-49-00;
3. Әуезов ауданы – 8 (747) 438-38-87;
4. Бостандық ауданы – 8 (707) 123-49-00;
5. Жетісу ауданы – 8 (707) 123-49-00;
6. Медеу ауданы – 8 (707) 123-49-00;
7. Наурызбай ауданы – 8 (747) 438-38-87;
8. Түрксіб ауданы – 8 (747) 438-38-87.

Өзгелердің жаңалығы