Алматыда 1 адам мерт болған автобус апатына байланысты сот шешімі шықты

29 Қараша 2024, 17:05
290
Бөлісу:
Алматыда 1 адам мерт болған автобус апатына байланысты сот шешімі шықты
Фото: pixabay.com

Алмалы аудандық сотында көлік құралдарын жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 26 маусым күні Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 16 адам жарақат алды және 1 адам мерт болды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі күдікті ретінде “5:32” сериалының продюсері Анель Сартаев ұсталған болатын.

Бүгін Алмалы аудандық сотында аталған іс бойынша сот шешімі шықты. Сот айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Алайда ҚК-нің 74 бабының 1-бөлігі негізінде үкімді орындау 3 жылға, баласының жасы 3 жас 9 айға толғанға дейінгі мерзімге шегерілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Өзгелердің жаңалығы