Алматы зообағында шырша қабылдау науқаны басталды

5 Қаңтар 2021, 19:32
1417
Бөлісу:
Алматы зообағында шырша қабылдау науқаны басталды

Алматы, BAQ.KZ.  Жаңа жыл мерекесі де аяқталды. Осы орайда Алматы хайуанаттар бағы жылдағы дәстүр бойынша тірі шыршаларды қабылдап жатыр.

Мейрамға сай сән-салтанатымен безендірілген тірі шыршаларды қоқысқа тастамай, біздің зообаққа тапсыруларыңызға болады. Бұл жасыл желектер бұғы, қодас,  кермаралдардың бақтағы орнын безендіру үшін пайдаланылады. Олар шыршаларды ары-бері сүйреп, қабығын аршып-жұлып ойнайды. Жануарлар айналасындағы жаңа дүниелерге үнемі үлкен таңданыспен қарайды, - делінген хабаралмада.

Зообақтағы жануарлар кез келген тың нәрсенің түр-әлпетін зерттеуге, иісін тануға, дәмін татуға құмар көрінеді. Тұрғындарға қажетсіз болып қалған тірі шыршалар жануарлардың қоршаған ортасына жаңаша өң беріп,  жандандыра түспек.

Шыршаны қаладағы Орманов, 64 мекенжайында орналасқан Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлер кіретін жағына әкеліп, тапсыра аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы