Алматы зообағы амур жолбарыстарымен толықты

20 Желтоқсан 2021, 16:34
1429
Бөлісу:
Алматы зообағы амур жолбарыстарымен толықты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы зообағына амур жолбарыстары әкелінді. Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың аттары Лад пен Бентли. Әрқайсысы 2 жаста.

Бұл жануарлар бізге 27 қарашада Астана циркінен жеткізілді. Олар қазір арнайы карантинде. Жолбарыстар қажетті вакцинаны, витаминдерді, түрлі ауруларға қарсы басқа да екепе-дәрілерді алды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұл жыртқыштардың жағдайлары жақсы. Олар әлі жас болғандықтан қимылдары ширақ. Бір-бірімен алысып, ойнайды.

Жолбарыстарға күнделікті 6 келіден ет (сиыр, тауық, қоян еті) беріледі.

Өзгелердің жаңалығы