Алматы жолдарының сапасы тексеріліп жатыр

11 Қазан 2019, 14:33
2374
Бөлісу:
Алматы жолдарының сапасы тексеріліп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда мамандар жаңадан асфальт төселген Төле би көшесінен сынама алды. Енді нәтижесі үш күн ішінде белгілі болмақ. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Егер алынған сынамадан олқылықтар анықталса, мердігер мекемеге жолды қайта жасауға тура келеді. Жалпы жыл басынан бері ұлттық жол орталығы жөндеуден өткен 140-тан астам көшеден сынама алған. Сөздерінше, әзірге айтарлықтай қателіктер анықталмапты.

«Сынамалар зертханалық сынақтан өтеді. Сынақтардан өткенде зертханада алынған сынаманың тығыздығын және су сіңіргіштігін, битумның мөлшерін анықтаймыз”, - дейді «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының инженері Айдар Бейісбеков.

Өзгелердің жаңалығы