«Алматы жастары» бағдарламасының алдын ала қорытындысы шығарылды

30 Маусым 2023, 11:27
656
Бөлісу:
«Алматы жастары» бағдарламасының алдын ала қорытындысы шығарылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының алдын ала қорытындысын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өтініштер 2023 жылдың 15 мамырынан 31 мамырға дейін қабылданды.

Барлығы 11 104 өтініш келіп түсті, оның ішінде салалар бойынша::

  1. Денсаулық сақтау – 2 781;
  2. Білім беру – 4 006;
  3. Мәдениет – 534;
  4. Спорт – 186;
  5. ЖОО мен ҒЗИ – 1 324;
  6. БАҚ – 154;
  7. Әлеуметтік сала – 786;
  8. Құқық қорғау органдары – 788;
  9. Коммуналдық қызметтер – 545.

Қорытындысы бойынша 3631 өтініш мақұлданды және оң қаралды, оның ішінде салалар бойынша:

  1. Денсаулық сақтау – 861;
  2. Білім беру – 1 389;
  3. Мәдениет – 242;
  4. Спорт – 57;
  5. ЖОО мен ҒЗИ – 477;
  6. БАҚ – 85;
  7. Әлеуметтік сала – 31;
  8. Құқық қорғау органдары – 410;
  9. Коммуналдық қызметтер – 79.

Салалар бойынша жинаған баллдарына байланысты 1100 үміткерге сайттағы жеке кабинетке «Отбасы банк» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама берілетін болады. Жолдама алған өтініш берушілер төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін 15 жұмыс күні ішінде "Отбасы банк" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет. Төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы және қайталама нарықтардағы тұрғын үйді таңдай алады.

2531 қатысушы негізгі тізімнің төлем қабілеттілігін бағалаудан өткенге дейін резервтік тізімде болады.

Келіп түскен өтінімдерді өңдеу кезінде 7473 қатысушыға жолдаманың берілмеген себептері мыналар: жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің болуы, соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығару, соңғы 6 айда зейнетақы төлемдерінің болмауы, ҚР бойынша тұрғын үйдің бар/жоқ екендігі туралы барлық отбасы мүшелеріне анықтамалардың болмауы, ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің болуы сканерленген балалардың туу туралы куәліктері және некеге тұру/бұзу және т. б.

«Алматы Жастары» бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттарды қарау қорытындысы бойынша толық ақпарат www.almaty-zhastary.kz сайтына орналастырылады

Өзгелердің жаңалығы