Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында шектеу шаралары енгізіледі – Қиясов

17 Наурыз 2021, 17:02
2241
Бөлісу:
Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында шектеу шаралары енгізіледі – Қиясов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов айтты. 

Шектеу шараларының жаппай жеңілдетілуі ауру көрсеткішінің өсуіне әкелді. Вирус жұқтыру жағдайлары көбінесе эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоғары қауіп аймағы бойынша шектеу шаралары енгізілген Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелді. Осыған байланысты Алматы қаласында 2021 жылғы 20-24 наурыз аралығында қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың қозғалысы өзгерді, гипермаркеттер мен супермаркеттердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимі қысқартылды, сенбі және жексенбі күндері СОО, СҮ, жабық базарлар, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылды, - деді ол.

Бас санитар Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилотына қатысатындарды қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері кинотеатрлар, кинорумдар, жабық бассейндер, сауналар, спа-орталықтар, фитнес орталықтар, салондар қызметі тоқтатылғанын жеткізді.

Сонымен қатар, жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы, СОО, СҮ қызметі, океанарум аниматроникстер театры, контакт зоопарктер, жабық жағажайлар, аквапарктер, жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілері, жабық спорт нысандарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс тәртібі сағат 22.00-ге дейін қысқартылды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы