Алматы жабылмайды – Сағынтаев

28 Наурыз 2021, 19:48
1657
Бөлісу:
Алматы жабылмайды – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Akimat live» тікелей эфир барысында айтты.

Қала жабылмайды. Қаланы жабу жоспары тұрған жоқ. Осыған дейін қабылданған шектеу шаралары әсер етіп, жағдайдың тұрақтануына ықпал етеді  деген үміттемін. 20 наурыздан бастап шектеу шаралары енгізілді. Кеше Бас санитарлық дәрігердің  жаңа қаулысы шықты. Карантин шектеулерін тағы екі аптаға созу шешімі қабылданды. Бүгін біз өңірлік бизнес кеңесімен кездесіп, 1,5 сағат бойы қолдау шараларын талқыладық. Қазір қаланың бюджет тарапынан  қандай қолдау шараларын жүзеге асыратынымызды шешеміз. Жұмыс тобы құрылды. Оны талқылап, сейсенбі күні Үкіметте ұсынамыз, - деді ол. 

Алматы әкімі атағандай, шектеу шаралары екі аптаға ұзартылды. 

Келер аптаның соңында барлығымыз жиналып, жағдайды бақылаймыз. Егер жағдай тұрақталатын болса, біз шектеулерді қайта қараймыз. Тағы да қайталап айтамын, қала жабылмайды. Егер жағдай тым ушықса, көреміз. Бірақ ондай мәсчеле тұрған жоқ, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Өзгелердің жаңалығы