Алматы және Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеде өнімдерін ұсынды

7 Қыркүйек 2019, 15:20
1533
Бөлісу:
Алматы және Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеде өнімдерін ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндері жәрмеңкеде Алматы және Қостанай облыстары өз өнімдерін ұсынуда. Бұл туралы елорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қала тұрғындары азық-түлікті төмен бағамен сатып ала алады. Барлығы 380 тонна (Қостанай облысы) және 330 тонна (Алматы облысы) көлемінде 100-ден астам өнім түрі ұсынылды. 

"Мұндай жәрмеңкелерге әр демалыс күндері қатысуға тырысамын, өйткені еліміздің әр өңірінен шыққан өнімдер әр түрлі. Мұнда баға айтарлықтай төмен. Таңдау үлкен: етінен кәмпитке дейін. Бүгін көкөніс, алма сатып аламын - себебі Алматы аймағы олармен танымал", - деді елорда тұрғыны Назгүл Байтурсынова.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр демалыс күндері 28 қазанға дейін өтеді ("Хан Шатыр" СОО жанындағы алаң») 14-15 қыркүйек: Павлодар облысы 21-22 қыркүйек: Ақтөбе және Қызылорда облыстары 28-29 қыркүйек: ШҚО және Атырау облысы 5-6 қазан: Қарағанды облысы 12-13 қазан: Павлодар облысы 19-20 қазан: СҚО 26-27 қазан: Ақмола облысы


Өзгелердің жаңалығы