Алматының «ВВВ» ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі расталды

7 Қыркүйек 2020, 15:52
1282
Бөлісу:
Алматының «ВВВ» ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі расталды

Алматы, BAQ.KZ. Fitch Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі өткен жылы «тұрақты» болжаммен «ВВВ» деңгейінде берілген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингті растады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Бұл Алматы қаласының жақсы кредиттік сапасын білдіреді және мәжбүрлі карантин шараларына қарамастан, қаланың тұрақты кредиттік қабілеттігін көрсетеді.

Аталған бағалау ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін қала экономикасына ірі ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін қолайлы көрсеткіш болып табылады. Алматының кредиттік рейтингі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында, Fitch Ratings бағаланатын жетекші әлемдік астаналар рейтингтерінің тізіміне енгізілген, - делінген хабарламада.

Дүниежүзілік Банктің құрамындағы (IFC) Халықаралық қаржы корпорациясы, келешекте ұзақ мерзімді капиталға және Алматы инфрақұрылымына инвестицияны көбейтуге қол жеткізу үшін кредиттік рейтингті тағайындауға және растауға тікелей қатысады.

Өзгелердің жаңалығы