Алматы ТЖД-і бүлік кезінде 28 адамды құтқарып, 125-ін қауіпсіз жерге көшірген

14 Қаңтар 2022, 09:48
1672
Бөлісу:
Алматы ТЖД-і бүлік кезінде 28 адамды құтқарып, 125-ін қауіпсіз жерге көшірген
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қаңтардың 4-нен бүгінге дейін Алматы қаласы ТЖД-нің «112» және «101» желісіне 59 мыңнан астам қоңырау шалынған. Олардың бәрі адамдардың көптеп жиналуы, тонау, күдікті адамдар жүрі мен тіркеу нөмерінсіз жүрген автокөлік деректері бойынша болған.

Алматы қаласы ТЖД-нің басшысы Руслан Қасыбаевтың айтуынша, бүлік кезінде өрт сөндіру қызметінің 8 мүшесі зардап шеккен. Өрт сөндіру техникасын бүлікшілерден қайтарып алуға тырысқан  қызметшінің біріне оқ тиіп жараланған.

Бүлік кезінде барлығы 18 техника зақымдалды, оның 6-уын бүлікшілер тартып алған, бесеуі толықтай өртеніп кетті. 1 техниканы қызметшілер жабылып жүріп қайтарып алды. 12 техника түрлі механикалық зақым алған, ал біреуіне бірнеше жерінен оқ тиіп зақымдалды,-деді ол.

Алматы ТЖД-і бүлік кезінде 28 адамды құтқарып, 125-ін қауіпсіз жерге көшірген

ТЖД басшысы сондай-ақ көптеген азаматтар шабуылға тап болып, өміріне қауіп төнген өрт сөндірушілерге қолұшын созып, азаматтық ұстанымдарын көрсете білгенін жеткізді.

Азаматтық қорғау органдардың шұғыл жағдайда жұмыс істеуіне тура келді, олар мұндаймен бұрын бетпе-бет келмеген. Дегенмен жоғары жауынгерлік рухтың арқасында біздің жеке құрам қиындықтың бәріне қарсы тұра білді және ары қарай да азаматтарға көмектесе береді,-деді Қасыбаев.

Алматы ТЖД-і бүлік кезінде 28 адамды құтқарып, 125-ін қауіпсіз жерге көшірген
Өзгелердің жаңалығы