Алматы тұрғыны жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген

16 Қазан 2023, 23:45
812
Бөлісу:
Алматы тұрғыны жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген
Фото: polisia.kz

Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген, Алмалы ауданының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны ақша табудың "қарапайым" әдісін ойлап тапты. Көліктерді жалға алып, GPS-ін алып тастап, үшінші адамдарға көліктің құжаты жоқ деген желеумен арзандатылған бағамен сатып жіберген. Ал ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған. Тергеудің осы кезеңінде 1985 жылы туған О.есімді азаматтың осыған ұқсас алаяқтықтың 5 дерегіне қатысы бары анықталды. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеліп жатыр. Айыпталушы қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Азаматтарды егер оны таныған жағдайда, бізге мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы