Алматы тұрғындарына Богданович мұздығына бармай тұра тұру ұсынылды

19 Ақпан 2021, 12:19
2657
Бөлісу:
Алматы тұрғындарына Богданович мұздығына бармай тұра тұру ұсынылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы туризм Басқарма басшысының орынбасары Марат Айнабеков онлайн брифинг барысында маусым аралық мерзімнің келуіне байланысты тауда тайғақ әрі ауа температурасы тәулік ішінде күрт өзгеріп жатқанын айта келе қала тұрғындары мен қонақтарына Богданович мұздығына бармай тұра тұруға кеңес берді.

Оның айтуынша қазір тауда ауа температурасы 11-16 градус аралығында көтерілген, алайда алдағы демалыс күндері күн қайта суытады. Оның үстіне тауда қар көшкіні жүру қаупі де жоғары.

Бұл әсіресе әуесқой туристерге қауіпті болады. Сол себепті қазір түрлі спорттық федерация мамандарымен кеңесе отырып әуесқой туристерге бұл қолайлы маршрут емес екенін айтқымыз келеді,-деді Айнабеков.

Богданович мұздығы үлкен Талғар асуынан оңтүстік-батысқа қарай Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде орналасқан. Богданович мұздығының аумағында қаладан жақсы көрінетін көптеген әдемі шыңдар бар. Ауданның басты шыңы мен ең биік нүктесі - биіктігі 4376 м. Нұрсұлтан шыңы. Бұл шың - Іле Алатауының ең әдемі нүктесі. Богданович мұздығының басқа да белгілі шыңдары: Абай, Школьник, Чкалов,  Физкультурник, Амангелді, Пионер және Қарлытау шыңдары.

Бағыт Талғар асуына фуникулермен көтерілуден басталады. Мұздыққа қарай және артқа жаяу жүру бағыты 5-6 сағатты құрайды. Жаяу жүргіншілер бөлігінің ұзындығы - 8 км.

Өзгелердің жаңалығы