Алматы тұрғындары мен экобелсенділер 500-ге жуық ағаш отырғызды

16 Желтоқсан 2020, 17:28
1528
Бөлісу:
Алматы тұрғындары мен экобелсенділер 500-ге жуық ағаш отырғызды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ.  Бүгін Алматы тұрғындары мен экобелсенділер қала аумағында 470-тен астам қылқан жапырақты ағаш отырғызды.

Бүгін Алатау ауданындағы АвтоХҚКО-ға барар жолда орналасқан «Алматының қарағайлы орманы» аумағында 470-тен астам қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Жоба осы жылдың басында «Eco fund tabigat» қорымен жомарт қала тұрғындарының қатысуымен жүзеге асқан. Жоба басталғаннан бері Жасыл экономика басқармасы мен Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен «Алматының қарағайлы орманы» аумағында 2 500 астам ағаш отырғызылыпты.

«Алматының қарағайлы орманын» дамыту жалпы қаланың экологиясына ғана жағымды әсер етіп қоймай, оның төменгі бөлігінде қажетті инфрақұрылым қалыптастырады, бұл осы ауданның тұрғындары үшін өте қажет. «Алматының қарағайлы орманы» біртіндеп экологиялық және спорттық іс-шаралар өтетін орынға айналады деп жоспарлануда. Саябақта лайықты спорттық инфрақұрылым дамиды деп күтілуде. Бұл жобаның дамуына түрткі болған «Eco fund tabigat»  ЖҚ өкілдерінің зерттеулерінің негізінде қала аумағында жасыл желектердің өткір жетіспеушілігінің анықталуы, атап айтқанда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының нормалары талап еткеннен 4 есе аз.

окно2.jpeg


Қазір Алматыдағы жасыл желектердің ауданы 894 гектарды құрайды, яғни қала ауданының 1,3% - бұл бір тұрғынға шамамен өсімдіктердің 5 шаршы метрін құрайды. Алайда, Алматы секілді өнеркәсіпті қалалар үшін ДДҰ ұсынатын қазіргі заманғы норма қаланың жалпы алаңының 40-60%-ын, яғни оңтүстік астананың бір тұрғынына 153 шаршы метрді құрауы тиіс. Осы статистикаға сүйене отырып, неге Алматыда аллергиямен ауыратындар мен тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар адамдар көп деген өзекті сұраққа жауап бірден айқын болады. Жыл сайын Алматы бойынша респираторлық және аллергиялық аурулардың өсуі 7-10%-ды құрайды, - деп атап өтті «Алматының қарағайлы орманы» жобасының бастамашысы, «ECO FUND TABIGAT» ЖҚ төрағасының орынбасары Тимур Елеусізов.
Бұл іс-шара сарапшыларды, мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін, сондай-ақ бизнес өкілдерін жинады. Бүгінгі көшеттер отырғызуға «Учет.kz», «Evrika» - техника мен электрониканы сату бойынша оңтүстік өңірдің көшбасшысы, «Exlusiv-Qurylys» компаниясы және «Технодом» компаниясы белсенді түрде қолдау көрсетті. Осы компаниялардың қолдауымен «Шетсіз қала» және «Жасыл Алматы» бағдарламалары шеңберінде осы жылдың басында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бөлген 78 га учаскеге қарағай мен шырша көшеттері сатып алынды. Осылайша, биіктігі 1,3 м-ге дейін бір қарағай көшетінің құны және оны отырғызу үшін барлық жағдайларды дайындау бүгінгі күні 12 000 теңгені құрайды. Жобаға бөлінген жалпы алаң 35 мыңға жуық түрлі ағаш отырғызуды көздейді.

Биылғы жылдың соңындағы оқиғалар барлық құрылымдар өкілдерінің назарын қаламыздың экологиясы мен көгалдандыру проблемаларына аударды. 

Біз бизнес ретінде өз табиғатымызды қорғауға байланысты мәселелерді шешуде жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Егер біз табиғатымызды қорғап, сақтамасақ, онда балаларымызға не қалады? Әрбір жауапты азаматтың басты қамқорлығы - бұл өз балаларының болашағына деген қамқорлық, олар қазір біз бен  сіздерде бар игіліктерді алып, осы игіліктерді сақтап қана қоймай, сонымен қатар көбейту жауапкершілігі, - деп атап өтті Данияр Сасықов.

Жобаның барлық қатысушыларының мақсаты эко саябақты құру ғана емес, оның сапасын қолдау болып табылады. Осы жобаның іске асырылуын қолдаушы Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жасыл экономика басқармасының өкілдері аталған бастаманы дамытуға қолдау білдірді, сондай-ақ оны іске асыру кейіннен отырғызылған ағаштарды қорғау мен оларға күтім жасауға қатысты тиімді шаралар құруды талап ететінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы