Алматы цифрландыруға дайын Азия қалаларының бестігіне кірді

2 Ақпан 2023, 19:33
1151
Бөлісу:
Алматы цифрландыруға дайын Азия қалаларының бестігіне кірді
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда цифрландырудың ену деңгейі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштің бірі болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қазір қалада мемлекеттік қызметтердің 96%-ы цифрлық форматта жүргізіледі әрі бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді.

Бұл туралы V халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумының ашылуында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Былтыр шілдеде Алматы алғаш рет Thoughtlab (Нью-Йорк) әлемдік жетекші зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша цифрлық даму стратегияларының әзірлігі дәрежесі бойынша Азия қалаларының алғашқы бестігіне кірді. 

Өткен жылдың қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake - бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық «Ақылды қалалар» байқауының финалисті атанды.

Өзгелердің жаңалығы