Алматының Медеу ауданында Титов шыңына барған екі жасөспірім байланысқа шықпай, жоғалып кеткен. Олардың туыстары құтқарушыларға хабарласқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Жасөспірімдер теңіз деңгейінен 3871 метр биіктікке көтеріліп, кейін байланысқа шыққан. Олардың нақты орналасқан жері белгісіз болған.
Жасөспірімдерді іздеуге ТЖМ-нің республикалық жедел-құтқару жасағының «Барыс» құтқарушылары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары түнде, күрделі таулы аймақта жүргізілді.
Құтқарушылар Титов шыңына қарай бағыттағы соқпақты жаяу тексерген.
Іздеу барысында жасөспірімдер Титов асуы маңынан табылды. Тауда ұзақ уақыт болғанына қарамастан, жастарға медициналық көмек қажет болмады, – деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар жасөспірімдерді «Медеу» мұз айдынына дейін жеткізіп, сол жерде оларды ата-аналары күтіп алды.