Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді

18 Ақпан 2024, 00:25
709
Бөлісу:
Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді
Фото: скрин

Алматы облысында қар көшкініне қарсы профилактикалық жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешенінің шаңғы базасында қар көшкінін жоспарлы профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді. Теңіз деңгейінен 2664 метр биіктікте «Ақбұлақ» базасының көшкін жиналған жерлерінде ГАЗЕКС құрылғысының көмегімен 5 жарылыс жүргізілді. Жалпы көлемі – 380 текше метр.

Алдын алу жұмыстарына ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының Алматы облысы ТЖ, «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешеннің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды.

Демалушыларға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы брошюралар таратылды.

Өзгелердің жаңалығы