Алматы тауларында жарақат алған Қытай азаматы құтқарылды

Турист екі қызбен бірге тауда серуендеп жүрген кезде аяғын қайырып алған.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 20 Қыркүйек 2026, 22:23
20 Қыркүйек 2026, 22:23
96
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Үлкен Алматы шатқалында аяғын жарақаттап, өздігінен жүре алмай қалған Қытай азаматына құтқарушылар көмек көрсетті.

Турист екі қызбен бірге тауда серуендеп жүрген кезде аяғын қайырып алған. Оқиға орнына құтқару экипажы жіберіліп, топтың орналасқан жері анықталды.

Зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін құтқарушылар оны зембілмен тау бөктерінен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Наверх