Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы тауларында вьетнамдық турист адасып кетті

13 Мамыр 2025, 00:34
451
Бөлісу:
 скриншот
Фото: скриншот

Алматы тауларында вьетнамдық турист адасып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары Вьетнам азаматын іздеу үшін Бостандық ауданы аумағындағы тауларға шықты.

Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, турист теңіз деңгейінен 2510 метр биіктікке көтеріліп, бағытынан адасып қалған. Ол Үлкен Алматы көлі ауданындағы Чукур асуы бағытымен жүрген. Құтқарушылар шамамен 5 шақырым жолды жүріп өтіп, адасып қалған азаматты тапты.

Абырой болғанда, туристке медициналық көмек қажет болмады. Іздеу операциясына кинологиялық топ пен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.

Іздеу сәтінің бейнежазбасында турист құтқарушылардың кәсібилігі мен көмегіне шынайы ризашылығын білдіреді.

ҚР ТЖМ құтқарушыларына үлкен рахмет, мен өте ризамын, – деді турист.

Өзгелердің жаңалығы