Алматы тауларында уланып қалған ер адам құтқарылды

Құтқарушылар зардап шеккен азаматты Мониоринг және жедел әрекет ету орталығының күшімен «Эдельвейс» шлагбаумына дейін алып түсіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

 pexels.com 20 Қыркүйек 2026, 03:48
20 Қыркүйек 2026, 03:48
67
Фото: pexels.com

Алматының Медеу ауданында таудан түсіп келе жатқан 27 жастағы ер адамға медициналық көмек қажет болды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Молодёжный шыңынан түсу кезінде, шамамен 2500 метр биіктіктегі Айлы алаң (Лунная поляна) маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамнан улану белгілері байқалған.

Құтқарушылар зардап шеккен азаматты Мониоринг және жедел әрекет ету орталығының күшімен «Эдельвейс» шлагбаумына дейін алып түсіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді.

Наверх