Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

26 Ақпан 2024, 15:41
1243
Бөлісу:
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: pixabay.com

Алматы облысының тауларында 26-29 ақпан күндері қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристер мен демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды өтінді. 

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауы мен жаңбыр, қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, – дейді Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Өзгелердің жаңалығы