Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

10 Қараша 2023, 22:25
835
Бөлісу:
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: ашық дереккөз

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 10-11 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2500 метр биіктігінен жоғары) қатты жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін, – делінген ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ таратқан хабарламада.

Төтеншеліктер Алматы қаласының тұрғындарына көшкін жүру қаупі болуына байланысты қарлы беткейлерге шығудан бас тартуға кеңес берді.

Тауда қалып қалған туристер мен демалушылар болса, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз! – деп хабарлады «Қазселденқорғау» ММ.

Көмек қажет болса 112, 109 немесе 8(727) 372 -15-60 нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.

Өзгелердің жаңалығы