Алматы тауларында екі турист жоғалып кетті

25 Наурыз 2024, 16:07
356
Бөлісу:
Алматы тауларында екі турист жоғалып кетті

Алматы тауларында екі турист жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы минуттарда Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

4 қызметкер және 1 кинологиялық есеп Медеу ауданына Үлкен Алматы шатқалына бет алды. 19 жастағы екі жігіт ТЖД кезекшісіне олардың орналасқан жері туралы бейнероликті ұсынды.

Құтқарушылар іздестіру орнына шықты. ТЖМ ескертеді: егер сіз тауда адасып қалсаңыз, 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Өзгелердің жаңалығы