Алматы тауларына блокбекеттер қойылды

3 Желтоқсан 2022, 16:35
1145
Бөлісу:
Алматы тауларына блокбекеттер қойылды

Алматы тауларына жақын беткейлерге блокбекеттер қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қаладағы тау бөктерлерінде көшкін жүру қаупі сейілмей тұр. 

Жауын-шашын жауып, оның қалыңдығы 120 сантиметрге дейін жеткен. Сол себепті құтқарушылар қар жауған бөктерлерге бармауға кеңес беруде. 

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазселезащита» АҚЭТБ күшімен «Медеу» бөгенінен жоғарырақ Шымбұлақ-Эдельвейс автожолының бөлігіне блокбекеттер қойылды. 

Ведомствода таулы аймақтардағы қар көшкіні ең қауіпті табиғи құбылыстардың біріне жатады деп отыр. Көшкін алып күшке ие, олардың қозғалыс жылдамдығына сағатына 80 шақырымға дейін жетуі мүмкін. 24 қарашадан бері Алматы тауларында қар көшкінінің 14 жағдайы орын алған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы