Алматы – Баян-Өлгий бағытында автобус аударылып қалды

25 Қыркүйек 2019, 10:37
2495
Бөлісу:
Алматы – Баян-Өлгий бағытында автобус аударылып қалды

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда бүгін таңғы сағат 06:20-да Алматы-Өскемен жолының 812 шақырымында жол-көлік апаты болды, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. 

"Оқиға Аягөз ауданының Айғыржал ауылы маңында орын алған. Бұл жолда жөндеу жұмыстарын «К-Дорстрой» АҚ жүргізген. Алдын ала мәлімет бойынша автобус жүргізішісі ұйықтап кетіп, автобус жолдан шығып, аударылып қалған. Қалааралық көлікте 25 жолаушы болған. Жол көлік апаты салдарынан 2 адам зардап шекті.

Көлік құралы осы жылы техникалық тексеруден өткен. Осы аумақта тиісті жол белгілері орнатылған. «К-Дорстрой» АҚ өкілдері мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері оқиға орнына келіп, көлік апатының себептерін анықтауда", - делінген таратылған ақпаратта.

 

 


Өзгелердің жаңалығы