Алматы шағын және орта кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы

25 Қыркүйек 2023, 13:31
760
Бөлісу:
Алматы шағын және орта кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы

Алматының іскерлік белсенділік индексі 2023 жылғы тамызда 55,2% болды Қала экономикасы басқармасының мәліметінше, аталған көрсеткіш бойынша Алматы қаласы елімізде көш бастап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың тамызында іскерлік белсенділік индексі 55,2% болды. 2023 жылдың басынан мегаполистің барлық ауданында оң динамика байқалады. Жалпы белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15,5%-ға өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны биыл 1 тоқсанында 21%-ға, яғни 871,9 мың адамға дейін өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері осы жылдың 1 тоқсанында 14,1% өсіммен өнім шығарды, бұл 3 884,7 млрд теңге. Жетісу ауданында өнім шығару 6,3% төмендеген, ал барлық басқа ауданда өсім байқалады», - деп хабарлады кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы. Шағын бизнес қызметін жандандыру үшін Almaty Business аясында басым салаларды қолдаудың жаңа құралдары әзірленді. 2023 жылы ШОБ-тың ЖӨӨ-ге салымын 60%-ға дейін артады деп болжанып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 57,8% болды, деп қорытындылады қалалық әкімдік өкілі.

Алматыда жыл басынан бері 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегінше, 2023 жылдың 8 айында Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл үлес республика бойынша 12,2%. «Пайдалану бағыттары бойынша негізгі салымдар жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияда болған, олардың үлесі 46,5%. Денсаулық сақтау – 4,1 есе, ақпарат пен байланыс – 36,3%-ға, тұру және тамақтану қызметі – 25,9%-ға өсті», - деп хабарлайды қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы. Алмалы, Алатау, Әуезов және Жетісу аудандары бойынша оң динамика байқалып отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 1,5 трлн теңгеге дейін артады.

Алматы шағын және орта кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы атанды ШОБ секторындағы барлық тіркелген компаниялардың 17% - ы Алматыға тиесілі.

Агенттік сарапшылары Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар сегментінің жағдайына талдау жүргізді. 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 2,1 млн ШОБ субьектісі тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары небәрі 1,9 млн. «ҚР-дағы ШОБ субъектілерінің саны бойынша абсолютті көшбасшы республиканың қаржы орталығы және мәдени астанасы, Алматы болып табылады. ҚР бойынша сектордың барлық тіркелген компанияларының 17% - ы Алматыға тиесілі: 368,6 мың.

Алматыда 2023 жылы ШОБ өнім өндірісі үштен бірдің жуығына өсті Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының деректеріне сәйкес, қалада шағын және орта кәсіпкерлікпен (ШОБ) айналысатын қала тұрғындарының саны 872 мыңға жетті. Өнім өндіру көлемі 3,9 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 1 трлн теңгені құрады. Қазақстанда 4 миллионнан астам адам шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында олар 13,6 трлн теңгеге өнім өндірді. Жетекші өңір - Алматы 3,9 трлн теңгені қамтамасыз етті. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ-дегі ШОБ-тің жалпы қосылған құны 8,6 трлн теңгеге жетті. Алматының үлесі 2,6 трлн теңгені құрады. «Алматы мысалында тиімді мемлекеттік қолдау және қолайлы бизнес-ортаны құру шағын және орта кәсіпкерлік саласының елеулі дамуына қалай ықпал ететіні байқалады», - деп атап өтті Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында.

Алматы шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны бойынша көш бастауда Алматыда 2023 жылдың I тоқсанындағы мәліметтер бойынша 872 мың қала тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікпен (ШОБ) айналысқан. Бұл мегаполистегі барлық экономикалық белсенді халықтың 79,6%-ын құрайды.

Мұндай жоғары көрсеткіштер Қазақстанның бірде-бір өңірінде жоқ.

Салыстырмалы тұрғыда: Астанада осыған ұқсас кезеңде экономикалық белсенді халықтың ШОБ жұмыспен қамтылғандарының үлесі 72,8% -ды құрады. Еліміздің басқа өңірлерінде, соның ішінде Шымкентте бұл көрсеткіш жартысына да жеткен жоқ. Жамбыл және Ұлытау облыстарында ШОБ жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 30% - дан да төмен. Бұл халықтың ірі жүйе құраушы кәсіпорындарға жоғары тәуелділігін көрсетеді, бұл жалпы өңірлердің экономикасы үшін де қауіпті, деп есептейді агенттік. Елімізде 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ШОБ-пен 4,1 млн адам қамтылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4% - ға артық. Алматыдан басқа, жұмыспен қамтылғандардың саны Астанада 499,4 мың адам және Түркістан облысында 279 мың адам.

Өзгелердің жаңалығы