Алматы қауіпсіз қала. Тұрғындар үшін не істеліп жатыр

23 Мамыр 2024, 11:52
274
Бөлісу:
Алматы қауіпсіз қала. Тұрғындар үшін не істеліп жатыр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сайран көлі Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды және қауіпсіз орынға айналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша мұнда негізгі су айдынының келбеті мен функционалдығын өзгерту бойынша ауқымды жоба қолға алынып отыр.

Қала басшысы су қоймасының іргелес аумағын реконструкциялау және абаттандыру жұмыстарының барысымен жеке өзі танысты. Ерболат Досаев барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Сайран көлі Алматының полиорталықтарының броне айналатынын, онда қала тұрғындары маусымға қарамастан балалармен бірге уақыт өткізе алатынын атап өтті.

Алматы әкіміне жобаны ландшафт сәулетшісі Нелли Лаптева таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта осы учаскеде қолда бар конструкциялар мен шағын сәулет пішіндерін бөлшектеу аяқталды. Жобаға сәйкес батыс және шығыс кіреберіс топтарының аркаларын жөндеу қарастырылған, онда қоршаулары бар жаяу жүргіншілерге арналған тас жолдар салынады. Солтүстік және оңтүстік жағалауларда тіреу қабырғалары және ұзындығы 250 және 150 метр болатын екі понтондық жаяу жүргіншілер өткелі болады.

Сонымен қатар, жағажай аймақтарына жаңа құм төселеді. Келушілерге ыңғайлы болу үшін іргелес аумақта: орындықтар, урналар, бар үстелдерімен перголалар, фудкорт пайда болады. Белсенді демалыс үшін роллердромы бар скейтпарк, тренажерлар, паркурға арналған орын, велопарк, теннис корттары және балалар қалашығы жасалады.

Аумақты көгалдандыруға ерекше назар аударылады: 4 мыңға жуық ағаш, 7 мың шаршы метр жасыл желектен жасалған қоршау, гүлзарлар, 300 мың шаршы метр түрлі шөптер отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар, Сайранда алғаш рет су өсімдіктері – лотос пайда болады.

Абаттандыру жобасында 5 қоғамдық дәретхана мен иттерді серуендетуге арналған қоршалған алаң жасау көзделген. Демалушылардың қауіпсіздігі 2 полиция пункті, 2 құтқару бекетін салу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Демалыс аймағының периметрі бойынша бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері іске қосылады.

Біз екі жағалаудан ұзындығы 2,5 шақырым болатын бірыңғай серуендеу жағалауын жасаймыз. 250 және 150 метрлік екі пантонды өткел бар. Жағалау ені 11 метрге ұзарады. Төле би көшесі жағынан біз саябақты шудан, құрап кетуден қорғайтын және оның толық аяқталғанын білдіретін ауқымды жасыл аймақ жасаймыз. Жалпы, біз белсенді демалыс аймағын құратын боламыз. Теннис алаңына және қысқы мұз айдынына арналған желілерді тартатын боламыз, - деп атап өтті Нелли Лаптева.

Абаттандыру жобасымен танысқан қала басшысы келушілерге арналған паркингті ойластыруды, жасыл желектерге дұрыс күтім жасауды тапсырды.

Аудан тұрғындары Алматы әкімі Ерболат Досаевқа Сайран көлі аумағының ауқымды өзгеретіні үшін алғыстарын білдірді.

Сайран туралы біздің өтініштерімізге назар аударғаныңыз үшін рахмет. Өте жақсы жоба, - деді қала тұрғындары

Мегаполис басшысы жалпықалалық жобалардың басты мақсаты – қаланың барлық аудандарындағы алматылықтардың жайлылығы мен қауіпсіздігі екенін атап өтіп, полиорталықтарды дамыту аясында мұндай тартылыс нүктелер қатарының артатынын айтты.

Жобаны іске асыру және жағалауды пайдалануға беру көктемгі өсімдік отырғызудан кейін 2025 жылдың мамырына жоспарлануда. Жаңарған жағалау Алмалы және Әуезов аудандары тұрғындары үшін тартымдылық орталығына айналады және бір уақытта мұнда 3 мыңнан астам адам тыныға алады деп болжануда.

Сонымен қатар, Алматыда Терренкур саябақ аймағы су айдынының айналасындағы жалпы ауданы 3,4 га учаскені реконструкциялау басталады.

Бұл аймақ Тәттімбет көшесі мен Достық даңғылына жақын маңдағы шығыс бөлікте орналасқан.
Мұнда кең демалыс аймағы, тоған бойындағы серуендеу жолы және өтпелі көпір бар. Әдемі тоғанның аумағында судың жанында өнер көрсетуге арналған сахна болады. Оған қарама-қарсы заманауи ашық амфитеатр орналасады.

Терренкурдағы әйгілі ротонда да өзгереді, ол 20 жыл ішінде мүлдем қараусыз қалған.

Келушілердің жайлылығы үшін жаңа балалар және спорт алаңдары, орындықтар мен урналар, жарықтандыру тіректері орнатылады. Ауданы 19,6 мың м2 учаскені көгалдандыру, 2,8 мың м2 тротуар плиталарын төсеу және автосуару жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жоспарланған.

Реконструкция аясында тоғанды абаттандыру да қарастырылған, осыған байланысты қазіргі уақытта су жоқ. Жұмыс аяқталғаннан соң су беріледі. Реконструкция маусым айының басында басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

Жаңарған қоғамдық кеңістік учаскені алматылықтар мен қала қонақтары үшін жайлы және тартымды демалыс аймағына айналдырады.

Айта кетерлігі, Терренкурдағы денсаулық соқпағы 1974 жылы салынған. Бұл аумақ жеке меншікте болды және жөндеу жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген. 2023 жылы учаске коммуналдық меншікке қайтарылды, содан кейін реконструкциялау жөнінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды.

Еске салсақ, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 2022 жылы соңғы 50 жыл ішінде алғаш рет Сайран су қоймасының түбі қоқыс пен лай шөгінділерден механикалық түрде тазартылды, содан кейін абаттандыру жұмыстары басталды. Абаттандырылған аумақтың жалпы ауданы 46,79 га.

Өзгелердің жаңалығы