Алматы қаласының сотында жаңа тағайындаулар болды

19 Шілде 2022, 18:35
1988
Бөлісу:
Алматы қаласының сотында жаңа тағайындаулар болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық сотында жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыру рәсімі өтті. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз кызметі хабарлады.

Қалалық сот төрағасының міндетін атқарушы Нариман Бекназаров сот корпусына әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасын, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларын таныстырды.

Алматы қаласының сотында жаңа тағайындаулар болды

ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Мейірбек Байгелов, қалалық соттың судьясы қызметіне Бақытбай Бұрымқұлов тағайындалды.

Аудандық және оларға теңестірілген соттар жаңа судья кадрларымен толықты. Алмалы ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы болып Талғат Садықов, Түрксіб аудандық сотының төрағасы болып Анар Қарашева, Алмалы ауданының № 2 аудандық сотының судьясы болып Қанат Сембеков, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Динара Күзетаева тағайындалды. 

Алматы қаласының сотында жаңа тағайындаулар болды

Бостандық аудандық сотының судьялары болып Әйгерім Тельбаева мен Лей Хасенова, Бостандық ауданы № 2 аудандық сотының судьясы болып Азамат Әбдірайымов, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып Салтанат Байкетаева, Медеу аудандық сотының судьясы болып Айнаш Әмірбаева, Медеу ауданының №2 аудандық сотының судьясы болып Жомарт Мұхамбетжан тағайындалды.

Н.Бекназаров әріптестерін құттықтай отырып оларға сот төрелігін жүзеге асыруда табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы