Алматы қаласының білім беру жүйесінде не өзгерді?

6 Сәуір 2023, 19:01
695
Бөлісу:
Алматы қаласының білім беру жүйесінде не өзгерді?
Фото: inform.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін дамыту бойынша Жол карталарын әзірлеуді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік пен әкімдіктердің бірлескен құжаты өңірлердегі білім саласындағы мәселелерді нақты шешіп, кешенді дамытуға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері жол картасы республикалық маңызы бар үш қалада және Ақтөбе облысында қабылданды. 

Алматының жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде:

• 2 мемлекеттік, 1 жекеменшік мектеп ашылып, қалада оқушы орындарының саны 2800-ге артты;
• 29 мектептің 7700 оқушысы үшін 100 жаңа автобус сатып алынады. Оған 5,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 30 мектеп автобусы жеткізілді, екінші бөлігі осы жылдың шілде айында беріледі;
• Наурыз айында Алматы құрылыс-техникалық колледж студенттерінің жаңа жатақханасы ашылды;
• Аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар 30 мың бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады;
• Тәлімгерлік институты жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда Алматының 140 кәсіпорнында 2400-ден астам студент өндірістік тәжірибеден өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының білім беру жүйесін дамыту бойынша Жол картасына 90-нан астам іс-шара енгізілген. Олар балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы