Алматы қаласының стратегия және бюджет басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласының стратегия және бюджет басқармасының басшысы тағайындалды
1280

Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің өкімімен Нұртас Қайыров Алматы қаласының стратегия және бюджет басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Нұртас Қайыров 1979 жылдың 9 мамырында туылған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясы мен Алматының үздіксіз білім университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК, Экономикалық даму және сауда Министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қорында» және кәсіпкерлік саласында жұмыс жасаған.

2016-2019 жылдар аралығында «Алматыны дамыту орталығы» АҚ басшылық қызметте болған. Соңғы қызметі – «Алматыны дамыту орталығының» басқарушы директоры.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы