Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

22 Қаңтар 2022, 18:35
1869
Бөлісу:
Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. 

Құжатқа сәйкес, спорттық-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге "жасыл" мәртебесі бар және вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етілген.

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналы және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70 пайызы қашықтан жұмысқа көшеді.

24 қаңтардан бастап мынадай оқу форматы енгізіледі:

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта;

Жалпы білім беретін мектептерде ("қызыл" аймақ):

1-4 бастауыш сыныптар - штаттық форматта;

600 оқушыға дейін - штаттық форматта

600-ден аса оқушы болса - жүктеме 50 пайыздан аспайды;

Мектептен тыс ұйымдарда, қосымша білім беру ұйымдарында, түзету кабинеттерінде - штаттық форматта;

Жоғары оқу орындары мен колледждерде - аралас форматта - тәжірибелік, зертханалық, семинарлар, өндірістік тәжірибе штаттық форматта, дәрістер - онлайн.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алған оқушылар штаттық режимде оқиды.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден оқуға болады.

Өзгелердің жаңалығы