Алматы қалалық ветеринарлық қызметі қаңғыбас иттерді босатады

14 Желтоқсан 2022, 16:12
931
Бөлісу:
Алматы қалалық ветеринарлық қызметі қаңғыбас иттерді босатады

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның аясында «Қалалық ветеринариялық қызмет» КМК ауланған иттерді босатып қоя береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді ауланған жануарларды өлтіруге тыйым салынады. Қауіпті жұқпалы аурумен ауыратын және негізсіз агрессия жасайтын жануарларды ғана атуға рұқсат. 

Биыл маусым айынан бастап ауланған қаңғыбас жануарлар тексерістен өтеді. Егер қауіпті ауру мен себепсіз агрессия байқалмаса, оларға вакцина салынады және піштіріледі. 

Содан кейін олар асырап алғысы келетіндерге беріледі. Ешкім асырамаса, құлағына арнайы жасыл белгі тағып қоя береді. Суретті жылжытып тексерілмеген қаңғыбас жануарларды қалай ажыратуға болатынын біліңіз. 

Өзгелердің жаңалығы