Алматы полициясы азаматтарға 65 млн теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

13 Қыркүйек 2023, 16:45
1264
Бөлісу:
Алматы полициясы азаматтарға 65 млн теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

Аса ірі көлемде бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен Түркістан облысының 55 жастағы тумасы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

5 жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 65 млн теңгені құрады. Полицейлердің мәліметінше, 55 жастағы О.есімді азамат ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Тергеу барысында ер адамның бейтаныс адамдардың сеніміне кіріп, Алматы қаласының кез келген ауданында жер телімдерін, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, заңдастыруға және жер теліміне мемлекеттік актілерді алып беремін деп ұсыныс жасағаны анықталды. Күдікті бастапқы төлемді алып, содан кейін клиенттің ақшасымен жоғалып кетті. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге бес адам арызбен жүгінді, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

Полиция қызметкерлері күдіктінің қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Өзгелердің жаңалығы