Алматы полициясында «Adaldyq alańy» жобасы іске қосылды

16 Наурыз 2021, 13:06
1286
Бөлісу:
Алматы полициясында «Adaldyq alańy» жобасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік органдарды сервистік қызметтің моделінің форматына айналдыру жалғасуда, деп хабарлады Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі.

Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің озық тәжірибесі бойынша Алматы қалалық полиция Департаментінде және оның барлық бөлімшелерінде «Adaldyq alańy» фронт-офисі ашылды.

Кеңсені ПД басшысы Қанат Таймерденов пен Алматы қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Нығмеджан Сапаров ашты.

Мақсат - сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру. Жобаны жүзеге асыруға қызметтердің және бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлері, сондай-ақ қоғам қатысады. Жобалық кеңсенің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін ұсыныстарды жинау, қалыптастыру, себептер мен жағдайларды жою бойынша жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеу. Олар қоғамдық талқылауға шығарылып, ұжымдық түрде қаралатын болады, - деп хабарлады, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Спикерлердің пікірінше, Алматыдағы "Adaldyq alańy" кеңсесін белгілі журналист Василий Шупейкин басқарады.

Жоба тікелей азаматтар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған және барлық санитарлық - эпидемиологиялық стандарттар сақталған ПД-нің фронт-офисінен басталады. Мұнда білікті мамандар тұрғындарға құқықтық кеңес береді. Азаматтардың мүдделері бірінші кезекке қойылады, сонымен қатар ашықтық пен айқындылық, қоғамның сенімі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қағидаттарын іске асыру.

Құқық қорғау органдарының жаңа жұмыс форматына көшуі - бұл қызмет алушымен диалогтың ашық нысаны, бұл азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл технологияны қолдану заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық талаптарына сай келеді.

Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығы біздің жұмысымыздың басты басымдықтары болып табылады. Біз барлық мемлекеттік органдарда «Адалдық алаңының» фронт-офистерін ашуды жалғастырудамыз. Мемлекеттік органдардың мұндай өзгеруі күнделікті сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді, - деді, Нығмеджан Сапаров.



Өзгелердің жаңалығы