Алматы полициясы қала шетіндегі 75 мың үйді неге тексергендерін айтты

3 Қараша 2021, 19:23
1487
Бөлісу:
Алматы полициясы қала шетіндегі 75 мың үйді неге тексергендерін айтты

Алматы, BAQ.KZ. Полицейлер Алматының шетіндегі 75 мыңнан астам тұрғын үйді тексерді, бұл туралы Алматы ПД-ті хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында Алматы қаласында проблемалық мәселелерді зерделеу, алдын алу және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін әкімшілік аймақта халықты барынша қамтуға бағытталған «Учаске» республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілуде.

Біз жүргізіп жатқан пәтер және аула әкімшілік аймақтарын аралау, бірінші кезекте қылмыстық ахуалды жақсартуға, заңсыз әрекеттермен айналысатын тұрғындарды, күдікті азаматтарды, пәтерлер мен үйлерді заңсыз жалға беру фактілерін анықтауға бағытталған. Бұл іс-шаралар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында да өткізілуде, – дейді Наурызбай аудандық ПБ бастығы Дидар Аханов.

Оның айтуынша, жедел шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелердегі түрлі құқықбұзушылық жасаған адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру мақсатында аула мен пәтер аралау жұмыстарын жүргізілуде.

Сондай-ақ, жалдамалы пәтерлер, базарлар мен басқа да сауда орындары, тұрмысы нашар отбасылар, қоғамға жат әрекеттер мен қараусыздық фактілерінің жолын кесу үшін жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланатын орындар, азаматтық қару иелері мен шетелдіктер тексерілуде. Сонымен қатар, саяжайларды, құрылыс нысандарын, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалғандарды, шатырлар мен жертөлелерді тексеру жүргізіледі, – деді Д.Аханов.

Анықтама үшін: ЖАІ басталғалы Наурызбай ауданы аумағында барлығы 75 мың 960 ғимарат тексерілді, оның ішінде:
– көпқабатты үйлердегі пәтерлер – 44 мың 950,
– жеке үйлер – 30 мың 990,
– жалдамалы пәтерлер – 320,
– саяжайлар – 4 мың 804.



Өзгелердің жаңалығы